Астана тұрғыны жөндеуге тапсырған көлігін жол бойынан тапты

© Sputnik / Владимир Вяткин / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.10.2024
Жазылу
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Астанада техникалық қызмет көрсету станциясының қызметкері клиенттің көлігін айдап кеткен, деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.
Жәбірленушінің айтуынша, ол автокөлігін қаланың техникалық қызмет көрсету станциясының біріне жөндеуге тапсырған. Алайда оған тәртіп сақшылары көлігінің жол бойында табылғанын хабарлаған.
Жедел іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде Байқоңыр ауданының криминалдық полиция қызметкерлері 32 жастағы ер адамды анықтады.
Айдап әкетуші техникалық қызмет көрсету станциясының қызметкері екені анықталды. Ол жәбірленушінің көлігін жөндегеннен кейін, өз шаруаларымен қала сыртында жүріп келмекші болған.
Сервис қызметкерлерінің ешқайсысы көліктің жоғалғанын байқамағанына көз жеткізгеннен кейін, ер адам бірнеше күн бойы жүре берген, содан кейін көлік Астрахан тас жолында бұзылған.
Қаскүнем жолшыбай басқа көлікке отырып, бұзылған көлік құралын жолда тастап кеткен.
Ер адам кінәсін мойындады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Автокөлік жарамды күйде иесіне қайтарылды.
Жаңалықтар
0