Прокуратура Шерзат Полаттың ісіне қатысты мәлімдеме жасады

Sputnik
АЛМАТЫ, 13 желтоқсан - Sputnik. Шерзат Полатты өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталуға жақын, деп хабарлайды Алматы облысының прокуратурасы.
Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, барлық күдіктілер ұсталды.

"Қазіргі уақытта сараптама нәтижелері күтілуде. Сараптама қорытындысынан кейін іс процестің қатысушыларына танысу үшін беріледі. Сонымен қатар К. Нұрымовтың үйін өртеу және Н. Ғайыпбаевтың өз-өзіне қол жұмсауы бойынша қылмыстық істерді тергеуді Бас прокуратура тікелей бақылауға алған', - делінген хабарламада.

Прокуратура қоғамды жалған ақпарат таратудан аулақ болуды ескертіп, уәкілетті органдардың тек ресми мәлімдемелеріне сенуге шақырды.
Шерзат Полаттың әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды