https://sputnik.kz/20241212/sherzat-polattyn-akesine-qatysty-qylmystyq-is-qozgaldy-49237564.html
Шерзат Полаттың әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Шерзат Полаттың әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 12 желтоқсан — Sputnik. Алматы полиция департаменті Талғарда қаза тапқан Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовқа қатысты сотқа дейінгі тергеу... 12.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-12T12:50+0500
2024-12-12T12:50+0500
2024-12-12T12:52+0500
алматы облысы
талғар
https://sputnik.kz/img/115/60/1156043_20:0:982:541_1920x0_80_0_0_b6e65f6e4745b3d09934ef5b443fd6bd.jpg
АСТАНА, 12 желтоқсан — Sputnik. Алматы полиция департаменті Талғарда қаза тапқан Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.Полицияның мәліметінше, 10 желтоқсанда Нұрымов бұзақылық жасады және көлік қозғалысына кедергі келтірді деген айыппен ұсталған.Сонымен қатар, полиция бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру фактісі бойынша қылмыстық іс тіркеді. "10 желтоқсанда Еңбекшіқазақ ауданының Азат ауылында орын алған құқыққа қарсы іс-қимыл нәтижесінде автокөлік иесіне материалдық залал келтірілгені анықталды, бұл әкімшілік жауапкершілік шегінен едәуір асып, іс-әрекеттің қылмыстық саралануына әкеп соғады", - деп түсіндірді полициядағылар. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау мақсатында тергеу жүргізіліп жатыр.Еске салсақ, Азат ауылында суицид жасап көз жұмған Шерзат Полтаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевты жерлеу рәсімі кезінде Қаржаубай Нұрымов қамауға алынған еді.
https://sputnik.kz/20241211/sherzat-polattyn-olimi-tergeu-qashan-ayaqtalady-49208526.html
алматы облысы
талғар
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/115/60/1156043_140:0:861:541_1920x0_80_0_0_783cd986552393634521a13ac3419713.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы облысы, талғар
Шерзат Полаттың әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды
12:50 12.12.2024 (жаңартылды: 12:52 12.12.2024) АСТАНА, 12 желтоқсан — Sputnik. Алматы полиция департаменті Талғарда қаза тапқан Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Полицияның мәліметінше, 10 желтоқсанда Нұрымов бұзақылық жасады және көлік қозғалысына кедергі келтірді деген айыппен ұсталған.
"Ол қоғамдық орында және полиция қызметкерлеріне қарсы дөрекі сөз сөйледі, оларды пышақпен қорқытты, сонымен қатар басқа біреудің мүлкіне қасақана зақым келтірді, атап айтқанда, көлікті пышақпен сырып, дөңгелекті тесіп тастады. Айналасындағыларға, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қауіп төндіре отырып, қоғамдық тәртіп пен айналасындағылардың тыныштығын бұзды. Бұзақылық фактісі бойынша сот оны 15 тәулікке әкімшілік қамауға шешім шығарды", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, полиция бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру фактісі бойынша қылмыстық іс тіркеді.
"10 желтоқсанда Еңбекшіқазақ ауданының Азат ауылында орын алған құқыққа қарсы іс-қимыл нәтижесінде автокөлік иесіне материалдық залал келтірілгені анықталды, бұл әкімшілік жауапкершілік шегінен едәуір асып, іс-әрекеттің қылмыстық саралануына әкеп соғады", - деп түсіндірді полициядағылар.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау мақсатында тергеу жүргізіліп жатыр.
Еске салсақ, Азат ауылында суицид жасап көз жұмған Шерзат Полтаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевты жерлеу рәсімі кезінде Қаржаубай Нұрымов қамауға алынған еді.