АЛМАТЫ , 13 желтоқсан - Sputnik. Қазақстан энергетика министрлігінің басшысы Қытайлық серіктестерімен атом энергетикасы, мұнай-газ жобалары және жаңартылатын энергия көздері саласындағы ынтымақтастықты талқылады, деп хабарлайды энергетика министрлігі.
10-13 желтоқсан аралығында Қазақстаның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бастаған қазақстандық делегация Қытайда жұмыс сапарымен болды. Сәтқалиев Қытай мемлекеттік энергетика басқармасының басшысы Х.Ванмен және ҚХР Атом энергиясы агенттігі төрағасының орынбасары Ц.Люмен кездесті.
"Тараптар атом энергетикасы, мұнай-газ, электр энергетикасы және жаңартылатын энергия көздері саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Бұл ретте Қытай тарапы Қазақстанға АЭС құрылысы жобасын жүзеге асыруда қолдау көрсетуге жоғары деңгейде дайын екенін білдірді", - деп жазды ведомство.
Қытайлық делегация Қытай Ұлттық ядролық корпорациясының (CNNC) бас директоры Ю.Шэнмен келіссөздер жүргізді.
"Делегация сонымен қатар НПР-1000 реакторы бар салынып жатқан Чжанчжоу атом электр станциясын, "Shanghai Electric" атомдық энергия корпорациясының өндірістік базалары мен Қытайдың орталығындағы уранды қайта өңдеу және байыту зауытын аралады", - дейді министрлік.