"Кәсібінің үздігі": медицина саласында республикалық конкурс жеңімпаздары анықталды

Жеңімпаздар 1 млн 846 мың теңге мөлшерінде ақшалай сыйақы алады
Sputnik
АЛМАТЫ, 13 желтоқсан – Sputnik. Тәуелсіздік күні қарсаңында медицина және фармацевтика қызметкерлерінің арасында "Кәсібінің үздігі" бірінші республикалық конкурсының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
"Биыл алғаш рет мемлекет басшысының бастамасымен біздің үш дәрігерімізге адам өмірін сақтау және отандық медицинаны дамыту ісіндегі ерекше еңбегі үшін "Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері" құрметті атағы берілді", - деді денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.
Жыл сайынғы "Кәсібінің үздігі" байқауында 16 номинация бойынша үздіктер анықталды. Жеңімпаздар 500 АЕК (1 млн 846 мың теңге) мөлшерінде ақшалай сыйақы алады.
Денсаулық
Тұмаумен жиі ауыратын адам не істеуі керек - дәрігер кеңес берді