https://sputnik.kz/20221113/tumaumen-zhii-auyratyn-adam-ne-isteui-kerek---dariger-kenes-berdi-29273929.html
Тұмаумен жиі ауыратын адам не істеуі керек - дәрігер кеңес берді
Тұмаумен жиі ауыратын адам не істеуі керек - дәрігер кеңес берді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 13 қараша - Sputnik. Денсаулығы мықты ересек адамға вирус мүлдем жұқпауы керек. Оның жанында тұмаумен сырқаттанған біреу отырса да, инфекция ағзасына... 13.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-13T19:01+0500
2022-11-13T19:01+0500
2022-11-13T19:01+0500
тұмау
денсаулық
https://sputnik.kz/img/595/52/5955208_0:530:1530:1391_1920x0_80_0_0_b2dc93014e3b8ac88ad5894702f6acb5.jpg
АСТАНА, 13 қараша - Sputnik. Денсаулығы мықты ересек адамға вирус мүлдем жұқпауы керек. Оның жанында тұмаумен сырқаттанған біреу отырса да, инфекция ағзасына түсе алмайды. Отбасылық дәрігер, терапевт Татьяна Романенко тұмаумен неше рет ауырған қауіпті емес екенін айтты."Тұмау дегеніміз не? Ол - суық тигенде респираторлық инфекция қоздыратын ауру. Ауа температурасы төмендегенде, әсіресе, адамдар жиі суық тигізеді. Негізі денсаулығы мықты адам респираторлық инфекцияларды мүлдем жұқтырмауы керек", - деді Романенко Sputnik радиосына берген сұхбатында.Оның айтуынша, балабақшаға барып жүрген бала апта сайын немесе айына бір рет ауырады. Себебі олардың иммундық жүйесі тап-таза, ал адамдар ортасына түскенде сан алуан вирустар мен бактериялармен кездесе бастайды. Сол кезде иммундық жүйенің қорғаныс қабілеті қалыптасады. Ал ересек адамның ағзасы бәрін көрген, иммундық жүйесі де вирустарға қарсы тұра алады."Біз ауыратын адаммен аралассақ та, вирусты жұқтырмауымыз қажет", - деп атап көрсетті дәрігер.Маманның сөзіне қарағанда, салқын мезгілде, атап айтқанда, күз-қыс және қыс-көктем кезеңінде тұмаумен ары кетсе екі рет ауыру керек. Ал одан көп болса, денсаулықты қолға алу қажет. Тұмаудың ұзарып кетуі де иммундық жүйенің әлсіздігін көрсетіп отыр.Иммундық жүйеге созылмалы аурулар, дұрыс тамақтанбау, гиподинамия, тістердің нашар жағдайы және тағы басқа факторлар кері әсер етеді."Ішкі инфекциялар, артық салмақ пен пайдасыз тамақтар, қант диабеті, дәрумендердің тапшылығы, гиподинамия, емделмеген тістер, асқазанның дұрыс жұмыс істемеуі – бұның барлығы иммундық жүйенің күшін алатын факторлар және тұмаумен жиі ауырып қалуға себеп болады", — дейді терапевт.Адам респираторлық инфекциялармен жиі ауырса, дәрігердің қарауына баруы тиіс.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/595/52/5955208_0:387:1530:1535_1920x0_80_0_0_f39d39a1f145411a87ce087f7cf7e62e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тұмау
АСТАНА, 13 қараша - Sputnik. Денсаулығы мықты ересек адамға вирус мүлдем жұқпауы керек. Оның жанында тұмаумен сырқаттанған біреу отырса да, инфекция ағзасына түсе алмайды. Отбасылық дәрігер, терапевт Татьяна Романенко тұмаумен неше рет ауырған қауіпті емес екенін айтты.
"Тұмау дегеніміз не? Ол - суық тигенде респираторлық инфекция қоздыратын ауру. Ауа температурасы төмендегенде, әсіресе, адамдар жиі суық тигізеді. Негізі денсаулығы мықты адам респираторлық инфекцияларды мүлдем жұқтырмауы керек", - деді Романенко
Sputnik радиосына берген сұхбатында.
Оның айтуынша, балабақшаға барып жүрген бала апта сайын немесе айына бір рет ауырады. Себебі олардың иммундық жүйесі тап-таза, ал адамдар ортасына түскенде сан алуан вирустар мен бактериялармен кездесе бастайды. Сол кезде иммундық жүйенің қорғаныс қабілеті қалыптасады. Ал ересек адамның ағзасы бәрін көрген, иммундық жүйесі де вирустарға қарсы тұра алады.
"Біз ауыратын адаммен аралассақ та, вирусты жұқтырмауымыз қажет", - деп атап көрсетті дәрігер.
Маманның сөзіне қарағанда, салқын мезгілде, атап айтқанда, күз-қыс және қыс-көктем кезеңінде тұмаумен ары кетсе екі рет ауыру керек. Ал одан көп болса, денсаулықты қолға алу қажет. Тұмаудың ұзарып кетуі де иммундық жүйенің әлсіздігін көрсетіп отыр.
"Кез келген респираторлық инфекция жеті күннің ішінде кетуі керек. Егер адамда үшінші-бесінші күні дене қызуы көтеріліп, аурудың жаңа белгілері, оған қоса, бактериялық инфекция басталып, антибиотиктерді қабылдауға кеңес берілсе, дұрыс емес. Ондай жағдай жиі қайталанса, денсаулықты күшейтіп, иммундық жүйені жақсарту қажет", — дейді Романенко.
Иммундық жүйеге созылмалы аурулар, дұрыс тамақтанбау, гиподинамия, тістердің нашар жағдайы және тағы басқа факторлар кері әсер етеді.
"Ішкі инфекциялар, артық салмақ пен пайдасыз тамақтар, қант диабеті, дәрумендердің тапшылығы, гиподинамия, емделмеген тістер, асқазанның дұрыс жұмыс істемеуі – бұның барлығы иммундық жүйенің күшін алатын факторлар және тұмаумен жиі ауырып қалуға себеп болады", — дейді терапевт.
Адам респираторлық инфекциялармен жиі ауырса, дәрігердің қарауына баруы тиіс.