АЛМАТЫ, 12 желтоқсан – Sputnik. Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясына қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясына және басқа да адамдарға қатысты тергеу аяқталды.
"Олар алаяқтық жасаған сотталушыларға қатысты үкімді жеңілдету үшін сотталушының жұбайын 110 млн теңге мөлшерінде пара беруге итермеледі деп айыпталуда", - дейді ведомство.
Бас прокуратура судьяға қатысты қылмыстық істі 5 желтоқсанда сотқа жолдады.