Шымкентте пара беруге итермелеген судьяның мәселесі сотта қаралады

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаСуд по делу экс-главы "Казводхоз" Омирбека Жампозова
Суд по делу экс-главы Казводхоз Омирбека Жампозова - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.12.2024
Жазылу
Бас прокуратура судьяға қатысты қылмыстық істі 5 желтоқсанда сотқа жолдады
АЛМАТЫ, 12 желтоқсан – Sputnik. Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясына қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясына және басқа да адамдарға қатысты тергеу аяқталды.
"Олар алаяқтық жасаған сотталушыларға қатысты үкімді жеңілдету үшін сотталушының жұбайын 110 млн теңге мөлшерінде пара беруге итермеледі деп айыпталуда", - дейді ведомство.
Бас прокуратура судьяға қатысты қылмыстық істі 5 желтоқсанда сотқа жолдады.
Суд, правосудие - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2024
Алматы облысында судья мен сот приставы жемқорлық үшін сотталды
Жаңалықтар
0