Шетелге 900 теңгеден сатылып жатқан құс еті өзімізде неге қымбат

Sputnik
АСТАНА, 11 желтоқсан – Sputnik. Жоғары аудиторлық палата құс шаруашылығына бөлінетін субсидия тиімсіз жұмсалатынын мәлімдеді. Себебі қазақстандықтар өз елімізде шығарылатын құс етін қымбатқа сатып алады. Ал экспортқа тура сол өнім төмен бағамен шығарылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Палата төрағасы Әлихан Смайыловтың айтуынша, өзімізде шығарылатын құс етінің көтерме бағасы ішкі нарықта бір келісі үшін 1 200 теңгені құрайды. Ал бөлшек саудада – 1 400 теңге.
"Дәл сол субсидияланған құс еті көрші елдерге 800-900 теңгеден сатылып жатыр. Біздің ойымызша, егер бұл өнім ішкі нарықта тура сондай бағамен сатылса, тұтынушылардың сұранысы жоғары болады және импорттың үлесі төмендейді", - деді Смайылов мәжілістің жалпы отырысында.
Субсидия алған 2,5 мыңнан астам субъекті жұмысын тоқтатқан – Смайылов