АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. Сот-медициналық сараптаманың алдын ала қорытындысы бойынша Талғардың шетінде табылған 30 жастағы ер адамның өлімі механикалық асфиксиядан болғанын.
"Денесінде зорлық-зомбылық сипаттағы белгілер жоқ. Сарапшылар анықтаған дене жарақаттары жіпті қолданған кезінде пайда болатын жарақаттарға сәйкес келетінін көрсетті. Барлық белгілер суицидті көрсетеді, мойынындағы зақымдану сипаты мұндай жағдайларға тән", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары болған оқиғаның барлық мән-жайларын тексеруді жалғастыруда.
Еске салсақ, 9 желтоқсанда Талғар қаласының маңынан Шерзат Полаттың ағасының мәйіті табылды.
Алдын ала мәлімет бойынша ол өз-өзіне қол жұмсаған. Қылмыстық іс қозғалды.