Қарлы боран, жел: синоптиктер 10 желтоқсандағы ауа райын болжады

Sputnik
АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. "Қазгидромет" синоптиктері 10 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің батысында, оңтүстігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Қазақстанның солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттальды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауады, солтүстігінде қарлы боран болады деп күтілуде.
Республиканың басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді.
Ақылы жолдардағы ауа райы жағдайын онлайн көруге болады