АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. Ақтөбе облысында аудандық әскери комиссариаттың бастығы өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оқиға 8 желтоқсанда Ырғыз ауданында жұмыс орнында болған.
"Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда", - деп хабарлады sputnik.kz тілшісіне Ақтөбе облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті.
Өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.