Жамбыл облысында жеңіл көліктер тиелген жүк көлігі өртенді

Көлік жүргізушісі құтқарушылар келгенге дейін сегіз автокөліктің үшеуін жүк тасымалдағыш көліктен түсіріп үлгерген
Sputnik
АСТАНА, 8 желтоқсан — Sputnik. Жамбыл облысында ТЖМ өрт сөндірушілері автокөліктер тиелген автотасығышты өрттен құтқарып қалды.

ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жамбыл ауданында республикалық маңызы бар "Алматы-Ташкент" автожолының 531 шақырымында 8 жеңіл автокөлік тиелген автотасығыштың артқы дөңгелектері жанды.
Ақпаратқа сәйкес, көлік жүргізушісі құтқарушылар келгенге дейін сегіз автокөліктің үшеуін жүк тасымалдағыш көліктен түсіріп үлгерген.

ТЖМ күштері өртті жедел түрде сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Өртің шығу себебі анықталуда.
Жамбыл облысында мигранттар университеттер арқылы заңсыз тіркеуге тұрған