АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. Қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов (18-0) Лас-Вегаста UFC 310 турнирінде жекпе-жекке шықты, деп хабарлайды Sports.kz.
Рахмонов бұрын-соңды жеңілмеген ирландиялық спортшы Иэн Гарримен жұдырықтасты (15-0). Бұл жартылай орта салмақтағы жекпе-жек титулдық болмағанмен, бес раундқа жоспарланған болатын. Нәтижесінде төрешілердің бірауыздан шығарылған шешімімен қазақстандық жеңіске жетті.
Осылайша Шавкат Рахмонов кәсіпқой мансабындағы он тоғызыншы жеңісіне қол жеткізсе, Иэн Гарри алғашқы жеңілісіне ұшырады.
Айта кетейік, бұл Рахмоновтың мансабындағы төреші шешім шығарған алғашқы жекпе-жек – қазақстандық бұған дейінгі барлық жекпе-жекте мерзімінен бұрын жеңіске жеткен. Шавкат енді жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Белал Мухаммадпен (24-3) кездеседі деп күтілуде. Бастапқыда олардың жекпе-жегі осы турнирде өтуі керек еді, бірақ америкалық жекпе-жекші денсаулығына байланысты жұдырықтасудан бас тартты.