Шавкат Рахмонов UFC титулы үшін жекпе-жек өткізбейтін болды

Шавкат Рахмонов - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.10.2024
Жазылу
UFC чемпионы Белал Мұхаммедтің жекпе-жектен бас тартуына жарақаты себеп болды
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Қазақстандық Шавкат Рахмонов UFC титулы үшін жекпе-жек өткізбейтін болды.
Оның қарсыласы, жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы америкалық Белал Мұхаммад 8 желтоқсанда Лас-Вегаста өтуге тиіс кездесуден бас тартты. Бұл ақпаратты ұйым ресми түрде растап, бұл датаға басқа адам іздеп жатқанын хабарлады.
Мұхаммедтің жекпе-жектен бас тартуына жарақаты себеп болған. Ол ауруханадан видео жариялап, жарақатын көрсетті.
30 жастағы Шавкат Рахмонов спорттық карьерасында бірде-бір рет жеңілмеген, 18 жеңісінің барлығын мерзімінен бұрын аяқтады.
Чемпионат РК по ММА  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2024
UFC Қазақстанда турнир өткізуге ниетті
Жаңалықтар
0