АСТАНА, 7 желтоқсан – Sputnik. Владимир Зеленский Парижде АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамппен кездесуі мүмкін, деп жазады француздық Le Figaro басылымы Франс Пресс агенттігіне сілтеме жасап.
Франс Пресс жұма күні Украинаның жоғары лауазымды шенеунігінен Зеленский Нотр-Дам соборын қалпына келтіруге арналған мерекелік шараларға қатысатынын айтты.
"Ол президент Макронмен кездеседі. Басқа да кездесулер болуы мүмкін, атап айтқанда, шараға Трамп та қатысады", - деді ақпарат көзі.
Agence France-Presse Елисей сарайына сілтеме жасап хабарлағандай, Франция президенті Эммануэль Макрон сенбі күні Елисей сарайында Дональд Трамп пен Владимир Зеленскийді қабылдайды.