АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik. WhatsApp қосымшасында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің атынан жалған хабарлама таралып жатыр.
БҚО әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, алаяқтар өңір басшысына тиесілі емес нөмірді көрсеткен.
Қазіргі кезде WhatsApp мессенджерінде белгісіз адамдар БҚО әкімі Нариман Төреғалиевтің атынан тұрғындарға хабарлама таратуда. Мұның жалған екендігін мәлімдейміз. Таратылып жатқан хабарламаларға сенбеуді және күмәнді сілтемелерге өтпеуді өтінеміз, — делінген әкімдік ақпаратында.
БҚО әкіміне қатысты алаяқтардың жалған хабарлама таратуы осымен екінші рет болып отыр.