Алаяқтар 1414 нөмірінен хабарламаны қалай жібереді

© Photo : Dean MoriartyСмартфоны в руках
Смартфоны в руках - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.11.2024
Жазылу
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Алаяқтар қазақстандықтардың жеке деректері мен ақшалай қаражатын иемдену үшін өздерін курьер, дәрігер, түрлі қызметтердің қызметкерлері деп таныстыратын жағдайлар жиілеп кетті.
Polisia.kz сайты алаяқтық схема туралы ескертуде.
Ең кең таралған алаяқтық әдістердің бірі – азаматтарға пошта қызметінің курьерлері, медициналық мекемелердің дәрігерлері немесе энергетикалық компания қызметкерлерінің атынан қоңырау шалу. Сондай-ақ, басқа да түрлі мекемелердің қызметкерлері ретінде көрініп, адамдарға шұғыл шешім қабылдау қажеттілігін ұғындыру арқылы алдауды мақсат етеді. Мұндай жағдайларда алаяқтар қызмет көрсету процесін растау үшін азаматтан 1414 нөмірінен келген SMS хабарламаның кодын жазып жіберуді сұрайды. Алайда бұл код іс жүзінде жәбірленушінің банктік шотына қол жеткізу үшін қаржылық операцияларды растауға арналған.
"Келесі кезеңде жәбірленушіге "банктің қауіпсіздік қызметкерлері" хабарласып, біреудің оның атына несие рәсімдеуге тырысып жатқанын айтады. Өз қаражатын қорғау үшін алаяқтар "қауіпсіз" әдіс ретінде жәбірленушіге несиені өзі рәсімдеуді және ақшаны арнайы "қауіпсіз" шотқа аударуды ұсынады. Нәтижесінде, жәбірленуші алаяқтардың алдын ала белгісіз шоттарына қаражат аударуға итермеленіп, үлкен қаржылық шығынға ұшырайды", – дейді Павлодар облысы полиция департаменті киберқылмыспен күрес бөлімінің бастығы Ризабек Жанат.
Полиция азаматтарды қырағылық танытуға шақырады:
жеке мәліметтерді бөтендерге бермеңіз,
SMS арқылы келген кодтарды ешкімге хабарламаңыз,
күмәнді адамдармен сөйлесуден аулақ болыңыз
кез келген күдік туындаған жағдайда дереу банкке немесе құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.
"Есіңізде болсын, банктер мен ресми мекемелердің қызметкерлері сізден ешқашан кіру кодтарын талап етпейді және шұғыл түрде әрекет етуіңізді сұрамайды", – дейді тәртіп сақшылары.
Круглый стол Тюркология в глобальном мире: связь России и тюркского мира, посвященный российско-казахстанским отношениям - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2024
Астанада полиция алаяқтық схемасын ашты
Жаңалықтар
0