Өскемен тұрғынын бірге тұрған жігіті 10 млн теңгеге алдап кеткен

Күдіктінің бұған дейін де осындай алаяқтық әрекеттері үшін сотталғаны белгілі болды
Sputnik
АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik. Өскемен қаласының 27 жастағы тұрғыны ірі көлемдегі алаяқтықтың құрбаны болып, полицияға арыз түсірді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жәбірленушінің айтуынша, бұрынғы бірге тұрған жігіті әртүрлі себептермен бірнеше рет ақша сұрап, уәде етілген мерзімде қайтаратынын айтқан. Бастапқыда қаражат көлемі аз болғанымен, уақыт өте келе оның сұраған сомасы айтарлықтай ұлғайған.
Жігітінің қиын жағдайына сенген әйел оған көмектесу үшін өз атынан бірнеше банктен несие рәсімдеген. Салдарынан келтірілген жалпы шығын шамамен 10 миллион теңгені құрады.
Қазіргі таңда полиция алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізуде. Күдіктінің бұған дейін де осындай алаяқтық әрекеттері үшін сотталғаны белгілі болды.
Өскеменде зейнеткерлерді алдап жүрген алаяқ ұсталды