Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Лавров 2022 жылы Киевпен келіссөздің тоқтатылуына Борис Джонсонды кінәлады

Лавровтың айтуынша, қазір Буча туралы жаңалықтар Батыстағы саясаткерлерді де, БҰҰ өкілдерін де, журналистерді де қызықтырмайды
Sputnik
АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik. Батыс 2022 жылдың көктемінде Мәскеу мен Киев арасындағы келіссөзді бұзуға Бучадағы арандатушылықты сылтау қылды, деп мәлімдеді Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.
"Ыстамбұлда Украина делегациясын басқарған Давид Арахамия (Владимир Зеленскийдің "Слуга народа" партиясы фракциясының жетекшісі) сол кездегі Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон келіп, қақтығысты жалғастыруға шақырғанын айтты. Джонсон оны жоққа шығарды. Басқалар Бучадағы "қырғынның" кесірінен келісімді Путин (Ресей президенті Владимир Путин) бұзғанын айтып жүр. Бірақ қандай да бір себептермен олар Бучадағы қырғынды енді сөз еткісі келмейді", - деді ол америкалық журналист Такер Карлсонға берген сұхбатында.
Лавровтың айтуынша, қазір бүкіл БАҚ-та тарап жатқан Буча туралы жаңалықтар Батыстағы саясаткерлерді де, БҰҰ өкілдерін де, журналистерді де қызықтырмайды. Министр шетелдік журналистерді және жеке БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттерешті қалада қаза тапты делінген бейбіт тұрғындардың аты-жөнін анықтауға бірнеше рет шақырғанын, бірақ ешқандай жауап алмағанын атап өтті.
Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі 2022 жылдың сәуірінде Киев жариялаған фото және бейнематериалдар украиналықтардың кезекті арандатушылық әрекеті деп мәлімдеді. Ресей әскери ведомствосының мәліметінше, Буча қаласы Ресей Федерациясының бақылауында болған уақытта бірде-бір жергілікті тұрғын зорлық-зомбылық көрмеген.
Ресей Қазақстанның Украинадағы дағдарысты шешуге қатысуын құптайды – Лавров