https://sputnik.kz/20241206/lavrov-2022-zhyly-kievpen-kelissozderdin-toqtatyluyna-boris-dzhonsondy-kinalady-49074206.html
Лавров 2022 жылы Киевпен келіссөздің тоқтатылуына Борис Джонсонды кінәлады
Лавров 2022 жылы Киевпен келіссөздің тоқтатылуына Борис Джонсонды кінәлады
Sputnik Қазақстан
Лавровтың айтуынша, қазір Буча туралы жаңалықтар Батыстағы саясаткерлерді де, БҰҰ өкілдерін де, журналистерді де қызықтырмайды 06.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-06T09:08+0500
2024-12-06T09:08+0500
2024-12-08T17:22+0500
украина
келіссөздер
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/06/49073026_0:10:1244:710_1920x0_80_0_0_29f6abf26a40f70a9aaa00b79c63c3c8.jpg
АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik. Батыс 2022 жылдың көктемінде Мәскеу мен Киев арасындағы келіссөзді бұзуға Бучадағы арандатушылықты сылтау қылды, деп мәлімдеді Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.Лавровтың айтуынша, қазір бүкіл БАҚ-та тарап жатқан Буча туралы жаңалықтар Батыстағы саясаткерлерді де, БҰҰ өкілдерін де, журналистерді де қызықтырмайды. Министр шетелдік журналистерді және жеке БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттерешті қалада қаза тапты делінген бейбіт тұрғындардың аты-жөнін анықтауға бірнеше рет шақырғанын, бірақ ешқандай жауап алмағанын атап өтті.Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі 2022 жылдың сәуірінде Киев жариялаған фото және бейнематериалдар украиналықтардың кезекті арандатушылық әрекеті деп мәлімдеді. Ресей әскери ведомствосының мәліметінше, Буча қаласы Ресей Федерациясының бақылауында болған уақытта бірде-бір жергілікті тұрғын зорлық-зомбылық көрмеген.
https://sputnik.kz/20241107/resey-qazaqstannyn-ukrainadagy-dagdarysty-sheshuge-qatysuyn-quptaydy--lavrov-48365769.html
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/06/49073026_143:0:1103:720_1920x0_80_0_0_c7de50aa489be62cb371783fc2c5c2f5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина, келіссөздер
Лавров 2022 жылы Киевпен келіссөздің тоқтатылуына Борис Джонсонды кінәлады
09:08 06.12.2024 (жаңартылды: 17:22 08.12.2024) Лавровтың айтуынша, қазір Буча туралы жаңалықтар Батыстағы саясаткерлерді де, БҰҰ өкілдерін де, журналистерді де қызықтырмайды
АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik. Батыс 2022 жылдың көктемінде Мәскеу мен Киев арасындағы келіссөзді бұзуға Бучадағы арандатушылықты сылтау қылды, деп мәлімдеді Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.
"Ыстамбұлда Украина делегациясын басқарған Давид Арахамия (Владимир Зеленскийдің "Слуга народа" партиясы фракциясының жетекшісі) сол кездегі Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон келіп, қақтығысты жалғастыруға шақырғанын айтты. Джонсон оны жоққа шығарды. Басқалар Бучадағы "қырғынның" кесірінен келісімді Путин (Ресей президенті Владимир Путин) бұзғанын айтып жүр. Бірақ қандай да бір себептермен олар Бучадағы қырғынды енді сөз еткісі келмейді", - деді ол америкалық журналист Такер Карлсонға берген сұхбатында.
Лавровтың айтуынша, қазір бүкіл БАҚ-та тарап жатқан Буча туралы жаңалықтар Батыстағы саясаткерлерді де, БҰҰ өкілдерін де, журналистерді де қызықтырмайды. Министр шетелдік журналистерді және жеке БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттерешті қалада қаза тапты делінген бейбіт тұрғындардың аты-жөнін анықтауға бірнеше рет шақырғанын, бірақ ешқандай жауап алмағанын атап өтті.
Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі 2022 жылдың сәуірінде Киев жариялаған фото және бейнематериалдар украиналықтардың кезекті арандатушылық әрекеті деп мәлімдеді. Ресей әскери ведомствосының мәліметінше, Буча қаласы Ресей Федерациясының бақылауында болған уақытта бірде-бір жергілікті тұрғын зорлық-зомбылық көрмеген.