Батыс Қазақстанда 140-қа жуық кәсіпкер әлеуметтік азық-түлік бағасын негізсіз көтерген

62 кәсіпкерлік субъектісі сөреде тұрған баға мен кассадағы бағаны әртүрлі етіп көрсеткен
Sputnik
АЛМАТЫ, 6 желтоқсан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында сауда талаптарын бұзған 209 кәсіпкерге әкімшілік іс қозғалды, оның 138-і әлеуметтік азық-түлік бағасын негізсіз көтерген, деп хабарлады облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті.
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 204-4-бабы бойынша 209 іс қозғалды. 138 кәсіпкерлік субъектісі әлеуметтік маңызы бары азық-түлік бағасының құнын қымбаттатқан. 62 кәсіпкерлік субъектісі сөреде тұрған баға мен кассадағы бағаны әртүрлі етіп көрсеткен", - дейді Батыс Қазақстан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Эльмира Қиматова.
Сауда талаптарын бұзған 14 сауда орнына айыппұл салынды.
Халық табысының қанша пайызын тамаққа жұмсайды – үкімет есептеп шықты