Жамбылда той шығынын азайту үшін арнайы ереже әзірленді

Sputnik
АЛМАТЫ, 5 желтоқсан - Sputnik. Жамбыл облысының әкімдігі тұрғындардың той шығындарын азайтуды көздеп отыр. Бұл турлы орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте облыс әкімі Ербол Қарашөкеев айтты.
Жамбыл облысында апта сайын кемінде 25 мың адам тойға баратын көрінеді.
"Біз барлық асабаларды жинадық, олармен арнайы кодекс, ережелер әзірледік. Бұл жерде идея әкімдік тарапынан, менің орынбасарым ішкі саясат мәселелеріне жетекшілік етеді. Қалай болғанда да бұл мәселені шешіп, артық ысырапқа жол бермеуіміз керек. Менің ойымша, ата-аналар тойға кетен шығынды жастарға берсе нұр үстіне нұр болар еді", - дейді аймақ басшысы.
Әкімдік облыстағы толассыз жасалатын тойды бір жөнге келтіруге бел буған.
"1 миллион теңгеден берген": Астанада той өткізбек болған адамдар алданып қалды