"1 миллион теңгеден берген": Астанада той өткізбек болған адамдар алданып қалды

© Sputnik / Санат ИмангалиевС начала года обязательную дактилоскопию прошли 8 тысяч иностранцев
С начала года обязательную дактилоскопию прошли 8 тысяч иностранцев - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2024
Жазылу
АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. Астанада той өткізбек болған ондаған адам алаяқ әйелге алданып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz порталын.
Қазіргі уақытта полицияға 11 адам арызданды. Бірақ олардың саны одан да көп болуы мүмкін. Барлығы 28 жастағы әйелге алданып қалған. Ол өзін мейрамхана әкімшісі ретінде таныстырып, той ұйымдастыруға уәде берген.
"Азаматтардың сеніміне кіргені сонша, олар жалған әкімшіге бір миллион теңге көлемінде алдын ала төлем де аударған. Бірақ уәде етілген мереке ұйымдастырылмаған", - дейді полицейлер.
Жедел іздестіру шараларын барысында күдікті әйел ұсталды. Алаяқтық бабымен сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Айта кетері, ірі мөлшерде және екі немесе одан көп адамға қатысты алаяқтық әрекет үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған
Жаңалықтар
0