АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. 2024 жылдың III тоқсанында жүргізушілерді даярлау мектептері 765 млн теңгеге қызмет көрсетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 54% артық.
Осы сомадан халыққа 589 млн теңгеге, кәсіпорындарға — 115 млн теңгеге, бюджет есебінен — 60 млн теңгеге қызмет көрсетілді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті.
Өңірлер бөлінісінде қызметтердің ең көп көлемі Қарағанды облысында (131,9 млн теңге), БҚО-да (86,2 млн теңге) және Астана қаласында (77 млн теңге) тіркелді. Қызметтердің ең аз көлемі Қызылорда облысында көрсетілген, ондағы сома 4,1 млн теңгені құрады.