Пашинян неліктен ЖЕЭК отырысын Ереванда өткізгісі келмейтінін түсіндірді

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес 25 желтоқсанда Санкт-Петербургте өтеді
Sputnik
АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. Армения премьер-министрі Никол Пашинян Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысын Ереванда өткізуді неліктен қаламайтынын түсіндірді.
"Мен саммитті Арменияда өткізуді орынсыз деп санаймын, өйткені ЕАЭО Жоғары экономикалық кеңесіне мүше елдердің барлығы бірдей Армения үшін ұнамды емес", - деп атап өтті Пашинян.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес Ереванның өтініші бойынша 25 желтоқсанда Санкт-Петербургте өтеді. Оған Пашинян төрағалық етеді.
Ол бұған дейін Александр Лукашенко билікте отырған кезде өзі де, үкіметтің басқа мүшелері де Беларуське бармайтынын мәлімдеген еді.
Армения ҰҚШҰ-дан шығады - Пашинян