Армения ҰҚШҰ-дан шығады - Пашинян

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаНикол Пашинян
Никол Пашинян - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2024
Жазылу
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Армения премьер-министрі Никол Пашинян Арменияның Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымынан (ҰҚШҰ) шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
Пашинян парламенттегі үкімет сағатында оппозициялық депутаттың сөзіне жауап беріп: "Біз қажет деп тапқан кезде шығамыз", - деді.
6 маусымда Алматыда өткен ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің отырысына Армения қатыспады, алайда ұйымның бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовтың айтуынша, ол отырыста қабылданған шешімдермен алдын ала келіскен.
Жаңалықтар
0