Көкшетауда ресейлік компания салатын жылу электр орталығының орны таңдалды

Sputnik
АСТАНА, 3 желтоқсан - Sputnik. Көкшетауда ЖЭО салу бойынша жұмыс белсенді жүріп жатыр. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
Ол құрылыс үшін орын таңдалғанын, инженерлік-геологиялық ізденістер бойынша жұмыстар басталғанын және уақытша құрылыстар үшін алаң ұйымдастырылғанын айтты.
"Бүгінгі таңда жеткізушіні таңдау мәселесі ресейлік компанияға түсті. Айта кету керек, ЖЭО құрылысын үкімет 7%-пен субсидиялайды. 20 жылға 7% субсидия ұсынатын мұндай мүмкіндік жоқ. Сонымен қатар бұл бағытта үлкен технологиялық тәжірибе бар. Барлық келісім жасалды. Жазда ЖЭО құрылысының белсенді кезеңі басталады", - деді Марат Ахметжанов.
Қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған басқа да коммуналдық нысандар туралы айтқан ол биыл Степногорск қаласында 8 км электр желілері жөнделгенін, бұл олардың жалпы тозуын 73%-ке дейін төмендетуге мүмкіндік бергенін айтты.
Осындай жұмыстар Атбасарда да жүргізілді. Жылу желілері бойынша жоспарланған жұмыстар 100% орындалды",- деді әкім ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Ресей мен Қазақстан жылу электр стансасын салу мәселесін талқылап жатыр