https://sputnik.kz/20241203/kokshetauda-reseylik-kompaniya-salatyn-zhylu-elektr-ortalygynyn-orny-tandaldy-49012485.html
Көкшетауда ресейлік компания салатын жылу электр орталығының орны таңдалды
Көкшетауда ресейлік компания салатын жылу электр орталығының орны таңдалды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 желтоқсан - Sputnik. Көкшетауда ЖЭО салу бойынша жұмыс белсенді жүріп жатыр. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов орталық... 03.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-03T14:05+0500
2024-12-03T14:05+0500
2024-12-03T14:05+0500
ресей
жылу электр орталығы
көкшетау
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/03/49009942_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_444653d0c4869689340a73c4bee659d0.jpg
АСТАНА, 3 желтоқсан - Sputnik. Көкшетауда ЖЭО салу бойынша жұмыс белсенді жүріп жатыр. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.Ол құрылыс үшін орын таңдалғанын, инженерлік-геологиялық ізденістер бойынша жұмыстар басталғанын және уақытша құрылыстар үшін алаң ұйымдастырылғанын айтты.Қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған басқа да коммуналдық нысандар туралы айтқан ол биыл Степногорск қаласында 8 км электр желілері жөнделгенін, бұл олардың жалпы тозуын 73%-ке дейін төмендетуге мүмкіндік бергенін айтты. Осындай жұмыстар Атбасарда да жүргізілді. Жылу желілері бойынша жоспарланған жұмыстар 100% орындалды",- деді әкім ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
https://sputnik.kz/20241018/resey-men-qazaqstan-ush-zhes-salu-maselesin-talqylap-zhatyr-47915935.html
ресей
көкшетау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/03/49009942_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_550ad907ec8fde9543f0210f8c5e32ab.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, жылу электр орталығы, көкшетау
ресей, жылу электр орталығы, көкшетау
Көкшетауда ресейлік компания салатын жылу электр орталығының орны таңдалды
АСТАНА, 3 желтоқсан - Sputnik. Көкшетауда ЖЭО салу бойынша жұмыс белсенді жүріп жатыр. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
Ол құрылыс үшін орын таңдалғанын, инженерлік-геологиялық ізденістер бойынша жұмыстар басталғанын және уақытша құрылыстар үшін алаң ұйымдастырылғанын айтты.
"Бүгінгі таңда жеткізушіні таңдау мәселесі ресейлік компанияға түсті. Айта кету керек, ЖЭО құрылысын үкімет 7%-пен субсидиялайды. 20 жылға 7% субсидия ұсынатын мұндай мүмкіндік жоқ. Сонымен қатар бұл бағытта үлкен технологиялық тәжірибе бар. Барлық келісім жасалды. Жазда ЖЭО құрылысының белсенді кезеңі басталады", - деді Марат Ахметжанов.
Қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған басқа да коммуналдық нысандар туралы айтқан ол биыл Степногорск қаласында 8 км электр желілері жөнделгенін, бұл олардың жалпы тозуын 73%-ке дейін төмендетуге мүмкіндік бергенін айтты.
Осындай жұмыстар Атбасарда да жүргізілді. Жылу желілері бойынша жоспарланған жұмыстар 100% орындалды",- деді әкім ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.