АСТАНА, 2 желтоқсан – Sputnik. Владимир Зеленский Украинаға шетелдік әскерлерді жіберу мәселені көтерсе, одақтастардың жартысы Киевті қолдауды тоқтатады деп қорқады. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
"Біз ешқашан Украина аумағына әскер енгізуді сұрамаймыз. Біз қалаймыз ба деген сұраққа бірнеше рет жауап бердім. Иә, әрине, мұндай көмекке қуанамыз. Егер мен бұл мәселені ЕО-да, НАТО-да көтерсем және бізге сіздің әскерлеріңіз керек десем, одақтастарымыздың жартысы бірден қолдаудан бас тартады. Сондықтан мен тәуекелге бара алмаймын", - деп келтіреді "Укринформ" агенттігі Зеленскийдің сөзін.
2024 жылдың ақпанында Франция президенті Украинаға әскер жіберу мүмкіндігін жоққа шығармайтынын және ол жерге әскери нұсқаушыларды жіберуге дайын елдердің коалициясын құру қажеттілігін мәлімдеді. Алайда бұл бастаманы Францияның НАТО-дағы одақтастары салқын қабылдады.
Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады және оларды "отпен ойнап жатыр" деп санайды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ тиелген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын мәлімдеді.