https://sputnik.kz/20241202/zelenskiy-batys-askerinin-ukrainaga-keluin-eshqashan-suramaytynyn-aytty-48982344.html
Зеленский Батыс әскерінің Украинаға келуін ешқашан сұрамайтынын айтты
Зеленский Батыс әскерінің Украинаға келуін ешқашан сұрамайтынын айтты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 2 желтоқсан – Sputnik. Владимир Зеленский Украинаға шетелдік әскерлерді жіберу мәселені көтерсе, одақтастардың жартысы Киевті қолдауды тоқтатады деп... 02.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-02T14:06+0500
2024-12-02T14:06+0500
2024-12-02T14:06+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
украина
ақш
https://sputnik.kz/img/07e7/02/0d/32043911_0:0:3079:1731_1920x0_80_0_0_3ca1ad9db270461161c534867ea198c7.jpg
АСТАНА, 2 желтоқсан – Sputnik. Владимир Зеленский Украинаға шетелдік әскерлерді жіберу мәселені көтерсе, одақтастардың жартысы Киевті қолдауды тоқтатады деп қорқады. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.2024 жылдың ақпанында Франция президенті Украинаға әскер жіберу мүмкіндігін жоққа шығармайтынын және ол жерге әскери нұсқаушыларды жіберуге дайын елдердің коалициясын құру қажеттілігін мәлімдеді. Алайда бұл бастаманы Францияның НАТО-дағы одақтастары салқын қабылдады.Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады және оларды "отпен ойнап жатыр" деп санайды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ тиелген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын мәлімдеді.
https://sputnik.kz/20241130/ukraina-bes-elden-shugyl-komek-surady-48956783.html
украина
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/0d/32043911_14:0:2745:2048_1920x0_80_0_0_58fcf8df660b8006f852a809039b1a2b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина, ақш
Зеленский Батыс әскерінің Украинаға келуін ешқашан сұрамайтынын айтты
АСТАНА, 2 желтоқсан – Sputnik. Владимир Зеленский Украинаға шетелдік әскерлерді жіберу мәселені көтерсе, одақтастардың жартысы Киевті қолдауды тоқтатады деп қорқады. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
"Біз ешқашан Украина аумағына әскер енгізуді сұрамаймыз. Біз қалаймыз ба деген сұраққа бірнеше рет жауап бердім. Иә, әрине, мұндай көмекке қуанамыз. Егер мен бұл мәселені ЕО-да, НАТО-да көтерсем және бізге сіздің әскерлеріңіз керек десем, одақтастарымыздың жартысы бірден қолдаудан бас тартады. Сондықтан мен тәуекелге бара алмаймын", - деп келтіреді "Укринформ" агенттігі Зеленскийдің сөзін.
2024 жылдың ақпанында Франция президенті Украинаға әскер жіберу мүмкіндігін жоққа шығармайтынын және ол жерге әскери нұсқаушыларды жіберуге дайын елдердің коалициясын құру қажеттілігін мәлімдеді. Алайда бұл бастаманы Францияның НАТО-дағы одақтастары салқын қабылдады.
Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады және оларды "отпен ойнап жатыр" деп санайды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ тиелген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын мәлімдеді.