Зәкиева 12 жасқа дейінгі балаларды үйде жалғыз қалдыруға заңды түрде тыйым салуды ұсынды

Sputnik
АЛМАТЫ, 1 желтоқсан - Sputnik. Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева 12 жасқа толмаған балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыруға тыйым салатын заңды қарауды ұсынды. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Ол өзінің мәлімдемесінде биыл жыл басынан бері балалардың өмірін қиған 15 өрт оқиғасы болғанын айтты.
"12 жасқа толмаған балаларды кәмелетке толған адамдардың қарауынсыз қалдыруға тыйым салу жөніндегі заңнамалық шараларды пысықтау қажет деп санаймын, әрине, қолдауға мұқтаж отбасылар мемлекет көздеген көмек бағдарламаларымен қамтамасыз етілуі қажет", — деді ол.
Балалар омбудсмені Ақмола облысында болған қайғылы оқиғаға туралы айтты. Естеріңізге сала кетейік, 1 желтоқсан күні түстен кейін Шұбарағаш ауылындағы өрт кезінде 2017 және 2021 жылы туған балалар қайтыс болды.
Астанада жеке үйдегі өрттен төрт бала қаза тапты