Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Шольц Киевке тағы да қару-жарақ жеткізілетінін айтты

Sputnik
АСТАНА, 2 желтоқсан – Sputnik. Германия канцлері Олаф Шольц Киевке сапармен келгенін және Владимир Зеленскиймен кездесуге ниетті екенін растады, деп хабарлады Германия үкіметінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін неміс БАҚ-тары канцлердің Киевке сапары туралы жазған болатын.
"Киевке жаңа сапарым арқылы Украина қолдайтынымды білдіргім келеді. Мен Германияның Украинаны қолдайтын Еуропадағы негізгі ел болып қала беретінін дәл осы жерде айтқым келеді", - деді Шольц.
Сонымен қатар канцлер осы сапарында қандай мәлімдеме жасайтынын да айтты.
"Президент Зеленскиймен кездесуде көлемі 650 миллион еуроны құрайтын қаражатқа әскери өнімдерді одан әрі жеткізу туралы хабарлаймын, олар желтоқсанда жөнелтілуі керек. Украина Германияға сенім арта алады. Біз айтқанымызды орындаймыз", - деді ол.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Зеленский Батыс әскерінің Украинаға келуін ешқашан сұрамайтынын айтты