ЕАЭО елдерінде ортақ биржа кеңістігі болады

Жаңа келісім инвесторлардың мүмкіндіктерін кеңейтеді
Sputnik
АСТАНА, 2 желтоқсан – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде ортақ биржа кеңістігіне болады.
ЕЭК хабарлағандай, бұл брокерлер мен делдалдар елдердің уәкілетті органдары берген лицензиялар негізінде жұмыс істей алатын биржа операцияларының бірыңғай кеңістігін құруға мүмкіндік береді.
Құжат инвесторлар үшін мүмкіндіктерді айтарлықтай кеңейтеді, ЕАЭО биржа алаңдарында сатылатын қаржы құралдарының өтімділігі мен тартымдылығын арттырады.
"Бүгінгі Келісім бұрын қабылданған Бағалы қағаздарды қабылдау және олардың айналымы туралы келісіммен бірге ЕАЭО шеңберінде ортақ қаржы нарығы мен биржа кеңістігін құруға бағытталған", - деп түсіндірді ЕЭК Экономика және қаржы саясаты министрі Бақыт Сұлтанов.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі ЕАЭО-ның бір мемлекетінің брокерлері мен делдалдарын "бестіктің" басқа елдерінде биржалық саудаға қатысуға рұқсат ету туралы келісім жобасын мақұлдады және құжатқа қол қою үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерден өтуге Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне жіберді.
Сенат ЕАЭО агроөнімдерінің қойма куәліктері туралы келісімді бекітті