Сенат ЕАЭО агроөнімдерінің қойма куәліктері туралы келісімді бекітті

© Sputnik / Абзал КалиевЗдание парламента Казахстана
Здание парламента Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.11.2024
Жазылу
Бұл аграрлық саладағы кірісті арттырады
АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. Сенат ЕАЭО ауыл шаруашылығы өнімдерінің қойма куәліктері туралы келісімді бекітті.
Келісім Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзара сауда саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
Нәтижесінде:
қойма куәліктерінің тұрақты айналымын, сондай-ақ қойма куәліктерін ұстаушылар үшін қаржы ресурстарының қолжетімділігін қамтамасыз ету;
аграрлық саланың кірістілігін арттыру, ауыл шаруашылығы тауарларының электронды саудасын дамыту, бұл әсіресе ЕАЭО елдерінің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің аумақтық қашықтығы жағдайында өзекті;
ЕАЭО нарығында қойма куәліктерін ілгерілетуге және пайдалануға, нарықтың қолайлы конъюнктурасы кезеңінде қойма куәліктерінің кепілімен кредиттік қаражатты тарту және тауарды өткізу мүмкіндігі есебінен аграрлық саланың кірістілігін арттыруға жәрдемдесуге мүмкіндік береді.
Қоймалар бойынша міндеттемелер ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес орындалады. Бұл ретте мүше мемлекеттерде құрылатын қойма куәліктері бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету жүйесіне қойылатын талаптарды одаққа мүше елдердің ұсыныстары негізінде ЕАЭО кеңесі айқындайды.
Жаңалықтар
0