Түркияда 13 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіні пайдалануға шектеу енгізілмек

Шара балаларды цифрлық технологиялардың теріс әсерінен қорғау мақсатында қолға алынғалы отыр
Sputnik
АЛМАТЫ, 1 желтоқсан – Sputnik. Түркияда 13 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіні пайдалануға шектеу енгізіледі, деп хабарлады 24.kz ақпараттық порталы.
Шара балаларды цифрлық технологиялардың теріс әсерінен қорғау мақсатында қолға алынғалы отыр. Жаңа заң халықаралық тәжірибеге негізделген.
Құқық қорғаушылардың айтуынша, құжат балаларды әлеуметтік желілерде кибербуллинг, қолайсыз контентке қолжетімділік және гаджеттерге тәуелділік сияқты түрлі қауіптен сақтайды.
Сондай-ақ әлеуметтік желілердің өз платформаларына жас ерекшеліктерді тексеру механизмдерін енгізіп, балалардың жеке деректерін қорғауды міндеттейді.
Әлеуметтік желі балаларды ғана емес, үлкендерді де зомбиге айналдыруы мүмкін – Тоқаев