Атырауда полицейлер жоғары қабаттан секірмек болған әйелді құтқарды

Sputnik
АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. 30 қараша күні қала тұрғындары 8 қабаттың терезесінен секірмек болған әйелді байқап полицияға хабарлаған.
Хабарлама бойынша жедел әрекет еткен учаскелік полиция инспекторы Әнуарбек Хамидоллаев дереу пәтердің иесін анықтап, оқиға орнына шақыртып пәтерге өтіп секірмек болған әйелді құтқарып қалды. 33 жастағы әйел адамның пәтерді жалға алған алғаны анықталды.
Қазіргі таңда оның бұл әрекетке баруына не себеп болғанын полицияның жедел-тергеу тобы тексеруде.
"Жүйедегі ақаулық": Әшімбаев суицид мәселесіне қатысты пікір білдірді