Семейде балалар теміржолы ашылды

20 жылдан астам уақыттан кейін балалар теміржолы қайта қалпына келтірілді
Sputnik
АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. Семейдегі жаңартылған Бейбітшілік аралында балалар теміржолы пайдалануға берілді, деп хабарлайды қалалық әкімдік.
Сонымен қатар аралда жаңа қоғамдық кеңістік салтанатты түрде ашылды.
Детская железная дорога открылась в Семее
Қоғамдық кеңістікте балалар ойын алаңдары, футбол, волейбол, стритбол алаңдары мен воркаут аймағы бар. Барлық алаңдарда жаңа кәсіби тренажерлер орнатылған.
Детская железная дорога открылась в Семее
Балалар теміржолы 1979 жылы теміржолшылар күніне орай ашылған болатын. Алайда 90 жылдардың ортасына қарай жабылған еді. Міне, 20 жылдан астам уақыттан кейін балалар теміржолы қайта қалпына келтірілді.
Детская железная дорога открылась в Семее
Теміржол аралдың әсем жерлерін аралап, жолаушыларға Ертіс өзенінің ерекше табиғи ландшафы мен әдемі көріністерін тамашалауға мүмкіндік береді.
Бірінші кезеңде теміржол ұзындығы 2 шақырым болады. Аралдағы көпірден биологиялық орталыққа дейінгі аралықта жүреді. Тепловоз бен вагондар теміржол техникасына маманданған Қамбар машина жасау зауытында дайындалды. Ұзындығы 12 метр болатын әр вагонда 32 орын бар. Егер маршрут сұранысқа ие болса қосымша вагондарға тапсырыс беріледі.