https://sputnik.kz/20241130/semeyde-balalar-temirzholy-ashyldy-48957133.html
Семейде балалар теміржолы ашылды
Семейде балалар теміржолы ашылды
Sputnik Қазақстан
20 жылдан астам уақыттан кейін балалар теміржолы қайта қалпына келтірілді 30.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-30T19:37+0500
2024-11-30T19:37+0500
2024-11-30T19:37+0500
семей
балалар
теміржол
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/1e/48947798_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_b65aa45a4d8a9ad88b8e042a32a5a7b0.jpg
АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. Семейдегі жаңартылған Бейбітшілік аралында балалар теміржолы пайдалануға берілді, деп хабарлайды қалалық әкімдік.Сонымен қатар аралда жаңа қоғамдық кеңістік салтанатты түрде ашылды.Қоғамдық кеңістікте балалар ойын алаңдары, футбол, волейбол, стритбол алаңдары мен воркаут аймағы бар. Барлық алаңдарда жаңа кәсіби тренажерлер орнатылған.Балалар теміржолы 1979 жылы теміржолшылар күніне орай ашылған болатын. Алайда 90 жылдардың ортасына қарай жабылған еді. Міне, 20 жылдан астам уақыттан кейін балалар теміржолы қайта қалпына келтірілді.Теміржол аралдың әсем жерлерін аралап, жолаушыларға Ертіс өзенінің ерекше табиғи ландшафы мен әдемі көріністерін тамашалауға мүмкіндік береді.Бірінші кезеңде теміржол ұзындығы 2 шақырым болады. Аралдағы көпірден биологиялық орталыққа дейінгі аралықта жүреді. Тепловоз бен вагондар теміржол техникасына маманданған Қамбар машина жасау зауытында дайындалды. Ұзындығы 12 метр болатын әр вагонда 32 орын бар. Егер маршрут сұранысқа ие болса қосымша вагондарға тапсырыс беріледі.
семей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/1e/48947798_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_4dba94730365d79618eda8f124b17750.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
семей, балалар, теміржол
Семейде балалар теміржолы ашылды
20 жылдан астам уақыттан кейін балалар теміржолы қайта қалпына келтірілді
АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. Семейдегі жаңартылған Бейбітшілік аралында балалар теміржолы пайдалануға берілді, деп хабарлайды қалалық әкімдік.
Сонымен қатар аралда жаңа қоғамдық кеңістік салтанатты түрде ашылды.
Қоғамдық кеңістікте балалар ойын алаңдары, футбол, волейбол, стритбол алаңдары мен воркаут аймағы бар. Барлық алаңдарда жаңа кәсіби тренажерлер орнатылған.
Балалар теміржолы 1979 жылы теміржолшылар күніне орай ашылған болатын. Алайда 90 жылдардың ортасына қарай жабылған еді. Міне, 20 жылдан астам уақыттан кейін балалар теміржолы қайта қалпына келтірілді.
Теміржол аралдың әсем жерлерін аралап, жолаушыларға Ертіс өзенінің ерекше табиғи ландшафы мен әдемі көріністерін тамашалауға мүмкіндік береді.
Бірінші кезеңде теміржол ұзындығы 2 шақырым болады. Аралдағы көпірден биологиялық орталыққа дейінгі аралықта жүреді. Тепловоз бен вагондар теміржол техникасына маманданған Қамбар машина жасау зауытында дайындалды. Ұзындығы 12 метр болатын әр вагонда 32 орын бар. Егер маршрут сұранысқа ие болса қосымша вагондарға тапсырыс беріледі.