Ұлттық банк басшысы доллар өскеннен кейін жинаған ақшасын не істегенін айтты

Сүлейменовтың пікірінше валюта бағамының 2-3 процентке өзгеруі үлкен өзгеріс емес
Sputnik
АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов доллар бағамы күрт өскеннен кейін өзінің жинаған ақшасын не істегенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазақстанда соңғы екі күннің ішінде доллар бағамы бірден 2 процентке көтерілді. Соған қарамастан бас банкир бір теңгесін де шетелдік валютаға айырбастамапты.
"Шынымен мен долларды да, теңгені де айырбастаған жоқпын. Долларлық депозит болсын, теңгелік депозит болсын, бір тиынды айырбастамадым. Иә, валюта бағамы 2-3 процентке өзгерді, бірақ оны үлкен өзгеріс деп айта алмаймын. Доллар бағамы 500-ден асып кетті, содан бәрі дүрбелеңге түсті. Мәселе сонда", - деді Сүлейменов журналистерге берген сұхбатында.
Осы орайда бас банкир бензин немесе коммуналдық тарифтер 2 процентке қымбаттаса, оны қалай қабылдайтынын мысал ретінде келтірді.
"Бензин 2 процентке қымбаттаса, мен не істеймін? Иә, көңілім түседі, бірақ дүрбелеңге түспеймін ғой. Доллар да солай", - деп атап өтті ұлттық банк басшысы.
Теңгемен ашылған депозиттердің мөлшерлемесі көтеріле ме – Сүлейменов жауап берді