АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапарының қорытындысына өте жоғары баға берді, деп хабарлайды РИА Новости.
"Путин Астанадан оралды. Өте қарбалас екі күн болды, мемлекеттік сапар және ҰҚШҰ саммиті, Путиннің баспасөз мәслихаты өте жемісті болды", - деді Дмитрий Песков баспасөз мәслихатында.
Ресей президенті Астанаға сәрсенбі күні келді. Мемлекеттік сапар аясында Путин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен жабық және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді.
Сондай-ақ мемлекет басшылары бейнебайланыс арқылы Уфада өткен ХХ Ресей мен Қазақстанның өңіраралық ынтымақтастығы форумының пленарлық отырысына қосылды.
Путин Қазақстанға сапарының екінші күнінде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысына қатысты.