Астанада балаларды тегін үйірмелерге қабылдау басталады

Оған DamuBala сайты арқылы жазылуға болады
Sputnik
АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. Астана әкімдігі мемлекеттік тапсырыс бойынша балаларды шығармашылық үйірмелерге қабылдау таяуда ашылатынын хабарлады.
Кезекке қабылдау 29 қараша күні кешкі сағат 20:00-де және 30 қараша күні сағат 12:00-де басталады. Оған DamuBala сайты арқылы жазылуға болады.
Айтпақшы, бұл Қазақстанның басқа өңірлеріне де қатысты. Сайттың негізгі бетінде облыс пен қаланы таңдай аласыз.
DamuBala-да тегін және ақылы ваучерлер жарияланады. Жүздеген үйірме мен секцияны таңдауға мүмкіндік бар.
Астанада үш мың домбырашы бір мезетте күй шертіп, рекорд орнатты