Шойгу: Ресейдің ядролық қорғаныс жүйесі ең алдымен ҰҚШҰ елдерін қорғайды

Sputnik
АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. Ресейдің ядролық қорғаныс жүйесі ең алдымен ҰҚШҰ елдерін қорғайды, деп мәлімдеді Астанада Ресей қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сергей Шойгу.
Ресей Федерациясы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Астанада Сыртқы істер министрлері кеңесінің, Қорғаныс министрлері кеңесінің және ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің бірлескен отырысына қатысты.
"Біріншіден, ескі доктрина да одақтастарымызды қорғауды қарастырды. Ол анық, нақты белгіленді. Жаңа доктринаға келетін болсақ, әрине, әңгіме ең алдымен ҰҚШҰ елдері туралы болып отыр. Өте маңызды арнайы толықтыру бар, бұл Беларуське қатысты", - деп атап өтті Шойгу.
Айтуынша, Ресейдің жаңа ядролық доктринасы түсінікті және ашық жазылған.
Астанада ҰҚШҰ қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің отырысы басталды