Шойгу: Ресейдің ядролық қорғаныс жүйесі ең алдымен ҰҚШҰ елдерін қорғайды

© Photo : Объединенный штаб ОДКБсовместное заседание Совета министров иностранных дел, Совета министров обороны и Комитета секретарей советов безопасности ОДКБ
совместное заседание Совета министров иностранных дел, Совета министров обороны и Комитета секретарей советов безопасности ОДКБ - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.11.2024
Жазылу
АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. Ресейдің ядролық қорғаныс жүйесі ең алдымен ҰҚШҰ елдерін қорғайды, деп мәлімдеді Астанада Ресей қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сергей Шойгу.
Ресей Федерациясы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Астанада Сыртқы істер министрлері кеңесінің, Қорғаныс министрлері кеңесінің және ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің бірлескен отырысына қатысты.
"Біріншіден, ескі доктрина да одақтастарымызды қорғауды қарастырды. Ол анық, нақты белгіленді. Жаңа доктринаға келетін болсақ, әрине, әңгіме ең алдымен ҰҚШҰ елдері туралы болып отыр. Өте маңызды арнайы толықтыру бар, бұл Беларуське қатысты", - деп атап өтті Шойгу.
Айтуынша, Ресейдің жаңа ядролық доктринасы түсінікті және ашық жазылған.
Астанада сыртқы істер министрлері кеңесі, қорғаныс министрлері кеңесінің және ҰҚШҰ қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің бірлескен отырысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.11.2024
Астанада ҰҚШҰ қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің отырысы басталды
Жаңалықтар
0