"Қуатты доллар дәстүрлі түрде шикізат тауарлары үшін жағымсыз фактор болып табылады. Сондай-ақ мұнай бағасының құбылмалылығы жоғарылады, экономистердің Трамптың президент болуы кезінде әлеуетті сауда баждары мен АҚШ-тың мұнай жеткізілімдерінің ұлғаюы ұсыныстың артуына әкеледі деген болжамы бар. Ресейлік қаржы секторына қарсы жаңа санкциялардың енгізілуі аясында Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі болып табылатын Ресей валютасы – рубльдің әлсіреуі жеделдеді. Салдарынан юань/рубль жұбының бағамы қараша айының басынан бері 11,2%-ға әлсіреп, бір юань үшін 15,1 рубльге жетті. Халықаралық Forex валюта нарығындағы доллардың айырбас бағамы бір доллар үшін 114,5 рубльден асты, бұл ретте рубль ай басынан бері 18%-ға әлсіреді", - деп хабарлады Ұлттық банк.