https://sputnik.kz/20241112/ulttyq-bank-valyutalyq-interventsiya-zhurgizuge-dayyn-ekenin-malimdedi-48475896.html
Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізуге дайын екенін мәлімдеді
Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізуге дайын екенін мәлімдеді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 12 қараша - Sputnik. Ұлттық банк валюта бағамының күрт өзгеруіне жол бермеу интервенция жүргізуге дайын. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары... 12.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-12T22:00+0500
2024-11-12T22:00+0500
2024-11-12T22:00+0500
ұлттық банк
https://sputnik.kz/img/07e5/05/0b/17010668_77:0:3718:2048_1920x0_80_0_0_2377f46c308050be6a7dea25a1a8d231.jpg
АСТАНА, 12 қараша - Sputnik. Ұлттық банк валюта бағамының күрт өзгеруіне жол бермеу интервенция жүргізуге дайын. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова айтты."Өкінішке қарай, спекулятивтік сипаттағы мәмілелердің көбейгені де байқалып отыр. Бұл да айырбас бағамын тым құбылтып жібереді. Өтімділік жеткіліксіз жағдайда бұл – бағамның айтарлықтай ауытқуына әкелуі мүмкін. Біз бұған дейін мәлімдегеніміздей, Ұлттық банк ұлттық валюта бағамына тән өзгерістерге мән бере қоймайды. Өйткені мұның барлығы фундаменталды факторлармен дәйектелген. Алайда, соңғы күндердегі теңгенің құбылуына – тек қана фундаменталды факторлар ықпал етпей отырғанын айтуға мәжбүрміз", - деді Ұлттық банк өкілі.Осыған байланысты Ұлттық банк ұлттық валютаның құбылу шамасын – шамадан тыс деп бағалайды. "Ұлттық банк ішкі валюта нарығындағы жағдайды қадағалап отыр. Ағымдағы үрдістер, әсіресе, спекулятивті көңіл-күй сақталған жағдайда, әділ бағам қалыптастыруды қалпына келтіру үшін және ұлттық валюта бағамының күрт өзгеруіне жол бермеу үшін Ұлттық банк жедел әрекет етіп, валюталық интервенция жүргізуге дайын", - деді Әлия Молдабекова.
https://sputnik.kz/20241030/dollar-bagamy-qubylyp-tur--ulttyq-bank-toragasy-negizgi-sebepterdi-atady-48180012.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/05/0b/17010668_532:0:3263:2048_1920x0_80_0_0_f9e2d90af1dfde74ccfe3295202bc0f8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық банк
Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізуге дайын екенін мәлімдеді
АСТАНА, 12 қараша - Sputnik. Ұлттық банк валюта бағамының күрт өзгеруіне жол бермеу интервенция жүргізуге дайын. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова айтты.
"Өкінішке қарай, спекулятивтік сипаттағы мәмілелердің көбейгені де байқалып отыр. Бұл да айырбас бағамын тым құбылтып жібереді. Өтімділік жеткіліксіз жағдайда бұл – бағамның айтарлықтай ауытқуына әкелуі мүмкін. Біз бұған дейін мәлімдегеніміздей, Ұлттық банк ұлттық валюта бағамына тән өзгерістерге мән бере қоймайды. Өйткені мұның барлығы фундаменталды факторлармен дәйектелген. Алайда, соңғы күндердегі теңгенің құбылуына – тек қана фундаменталды факторлар ықпал етпей отырғанын айтуға мәжбүрміз", - деді Ұлттық банк өкілі.
Осыған байланысты Ұлттық банк ұлттық валютаның құбылу шамасын – шамадан тыс деп бағалайды.
"Ұлттық банк ішкі валюта нарығындағы жағдайды қадағалап отыр. Ағымдағы үрдістер, әсіресе, спекулятивті көңіл-күй сақталған жағдайда, әділ бағам қалыптастыруды қалпына келтіру үшін және ұлттық валюта бағамының күрт өзгеруіне жол бермеу үшін Ұлттық банк жедел әрекет етіп, валюталық интервенция жүргізуге дайын", - деді Әлия Молдабекова.