АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей басшысы Владимир Путин бірлесіп Ресей мен Қазақстан арасындағы достық көпірінің суретін салды.
Оларға суретші Әсел Сабыржанқызы көмектесті.
"Мен екі президентпен бірігіп сурет салдым. Бұл суретші жасай алатын ең керемет коллаборация. "Достық көпірі" картинасы екі халық арасындағы достық қарым-қатынасты бейнелейді", - деп жазды суретші.
Ол суретті Владимир Путин мемлекеттік сапармен Астанаға ұшып келген кезде сала бастады. Суретті аяқтап, Ресей президентіне сапар соңында сыйға тартады.