Біз Қазақстанды сенімді дос санаймыз – Путин

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев встретил Президента Российской Федерации Владимира Путина, прибывшего в Казахстан с государственным визитом
Касым-Жомарт Токаев встретил Президента Российской Федерации Владимира Путина, прибывшего в Казахстан с государственным визитом - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.11.2024
Жазылу
Біз доспыз әрі іскерлік қарым-қатынастамыз, деді Ресей басшысы
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас барынша қарқынды, ең жақсы жолмен дамып келеді, деп мәлімдеді Ресей президенті Владимир Путин.
"Біз доспыз және іскерлік қарым-қатынасты қолдаймыз. Шынында да бәрі қарқынды, ең жақсы жолмен дамып келеді – біз үнемі байланыстамыз", - деді Ресей басшысы қазақстандық әріптесі Қасым-Жомарт Тоқаевқа қарата айтқан сөзінде.
Владимир Путин бүгінгі келіссөздер үшін бірқатар құжат дайындалғанын атап өтті. Олардың арасында бірлескен мәлімдеме және әртүрлі салалардағы бизнес келісімдердің тұтас пакеті бар.
"Ресей Қазақстанның ең ірі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі болып қала береді. Өткен жылы сауда айналымы 28,5 миллиард долларға жуықтады және ол артып келеді. Қазақстан экономикасына 13 миллиард доллар инвестиция құйылды", - деді Владимир Путин.
Сондай-ақ, оның айтуынша, Ресей Қазақстанмен гуманитарлық байланысты дамытуды жоғары бағалайды.
"Әрине, біз азаматтық қоғам, білім және ғылым арқылы гуманитарлық байланыстарды дамытуды жоғары бағалаймыз", - деді Ресей басшысы.
Ол Ресейде білім алып жатқан шетелдік студенттердің басым бөлігі қазақстандық екенін атап өтті.
Сондай-ақ президент Путин Ресей мен Қазақстан арасындағы аймақаралық ынтымақтастықтың табысты дамып жатқанын тілге тиек етті.
Путин Қазақстан басшысының екі тату көршілес мемлекет арасындағы барлық саладағы қарым-қатынас мәселесіне көңіл бөлетінін мәлімдеді.
"Біз мұны сезінеміз, Қазақстан президентінің назарын сезінеміз. Біз Қазақстанды сенімді досымыз деп санаймыз", - деді Путин.
Келіссөздер барысында экономикалық, мәдени және саяси салалардағы бірқатар маңызды мәселе қозғалды.
Путин и Токаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.11.2024
Путин Қазақстанның салтанатты қабылдау рәсіміне таңданыс білдірді
Жаңалықтар
0