Павлодар мен Новосібір үш жылдық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Sputnik
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Павлодар және Новосібір облыстары 2025-2027 жылдарға арналған ынтымақтастықты дамыту бағдарламасына қол қойды.
Өңірлер арасында үлкен мәдени-гуманитарлық тәжірибе алмасулар жүріп жатыр, деп хабарлады Новосібір облысының губернаторы.
"Іскерлік ынтымақтастықты сақтаудағы күш-жігер үшін сіздерге алғысымды білдіргім келеді. Жыл сайын Новосібір және Павлодардың бірнеше іскерлік миссиясы көрші аймақтағы әлеуетті серіктестер және әріптестерімен кездесу ұйымдастырып тұрады. Атап айтқанда, жақында Павлодар облысының делегациясы Новосібірде өткен халықаралық форумда жұмыс істеді. Аймақтық ынтымақтастықты дамытудың мұндай стандартты құралдары қазірдің өзінде нәтиже беріп жатқанына сенімдімін", - деді Новосібір облысының губернаторы Андрей Травников.
Ол сондай-ақ тату көршілік пен достық қарым-қатынасты дамытудың жаңа кезеңіне қадам басудың маңыздылығын жеткізді. Павлодар облысының әкімі өңірлер экономиканы айтпағанның өзінде өзара қарым-қатынастың, әсіресе мәдениет саласындағы ұзақ тарихпен байланысты екенін айтты.
"Павлодар облысының тауар айналымының 30%-ы Новосібір және Омбы облыстарының үлесіне тиесілі. Біз көрші аймақпен барлық салада, әсіресе мәдениет саласында өте тығыз жұмыс жасаймыз. Кітапхана, мұражай, бірлескен көрме, бірлескен концерттерді дамыту тұрғысынан мәдени шаралармен алмасудағы жақсы қарым-қатынасты ерекше айтқым келеді. Біз барлық келісімдерді бұлжытпай орындап, қарым-қатынасты дамытатын боламыз", - деді облыс әкімі Асаин Байханов.
Қарым-қатынастың жақсы дамуына Новосібір облысындағы қазақстандықтардың білім алуы ықпал етеді. Бұл студенттер кейіннен Новосібір облысының да, Павлодар облысының да экономикасын дамытуға күш салып жатыр, деді аймақ әкімі.
"Жеті жылға жуық уақыттан бері Новосібір мен Павлодар бауырлас қалалар болып келеді. Қазір біз бірлескен іс-шаралардың нақты жоспарын сипаттайтын үш жылдық келісімге қол қойдық. Бұл Павлодар облысында Новосібір облысының мәдениет күндерін өткізу, сондай-ақ Новосібір облысында Павлодар облысының осындай мәдениет апталығын өткізуді қамтиды. Алдағы бірнеше күнде нақты күндерді келісеміз", - деді Асаин Байханов.
Павлодар облысында Новосібір компанияларының өкілдіктерін ашу, машина жасау және энергетика жобаларына интеграциялау, осы аспектілер бойынша бізде 30-дан астам тармақтан тұратын нақты іс-шаралар жоспары бар және әрқайсысының нақты мерзімі бар, деді әкім.
Аймақ басшысы өңірде новосібірліктермен бірлескен 300-ден астам жоба бар екенін еске салды. Бұл тек ірі кәсіпорындар ғана емес, олардың арасында шағын және орта бизнес те бар. Сондай-ақ бөлшек сауда желілері мен басқа секторларды қамтитын екі ел үшін ынтымақтастықтың тұтас кешені келісілген.
Бұл кездесу ХХ өңіраралық ынтымақтастық форумы ұйымдастырылған Уфада өтті. Шара Қазақстан мен Ресейдің шенеуніктері мен кәсіпкерлеріне байланыс орнатуға мол мүмкіндік береді.
Қазақстан мен Ресейді жүзжылдық ортақ тарих біріктіреді – елші