Алматы облысында шағын автобус 7 жастағы баланы басып кетті

Сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды
Sputnik
АСТАНА, 27 қараша - Sputnik. Алматы облысындағы ауылда шағын автобус баланы басып кетті. 7 жастағы бүлдіршін оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыстық полиция департаменті ұсынған мәліметке сәйкес, қайғылы жағдай Іргелі ауылындағы "Асыл Арман" тұрғын үй кешенінің автотұрағында болған. JAC маркалы шағын автобустың жүргізушісі артқа қарай жүргенде жеті жастағы баланы басып кетті. Бүлдіршін алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Соның нәтижесінде процессулдық шешім қабылданады.
Айта кетері, Қылмыстық кодекстің 345-бабы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Жезқазғанда тойдан шыққан адамдарды көлік басып кетті – рөлде 5 жасар бала болған